"Жастар кадрлық резерві 2017" жобасына қатысушылардың тағылымдамасы аяқталды

 

«Жастар кадрлік резерві» жобасына қатысушылардың тағылымдамасы аяқталды

31 қазанда, «Жастар кадрлік резерві 2017» жобасының қатысушылары ҚР Парламентінің Мәжілісінде, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтулерін аяқтады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Бақтияр Мәкен ҚР-ның Парламенті Мәжілісінде тағылымдамадан өткен жоба қатысушыларына ұсыныс хат жолдап, болашақта жұмыс істеу жолында табыстар тіледі.

Жоба Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің қолдауымен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп «Болашақ» қауымдастығымен жүзеге асырылды.

Жобаға қатысу үшін 48 жас, әр облыстан 3 адамнан іріктелді. ҚР-ның Парламенті Мәжілісінде 32 адам, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда 16 адам тағылымдамадан өтті.

Жобаның мақсаты жастар арасында мемлекеттік басқару, бизнес және әлеуметтік қызмет саласы үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.



Қаралым: 31
Резервистер
Бисалиев Куантай Мергенбаевич
Пікірлер

Еликбаев Алишер Хакимович

Известный блогер