Абзал Нукенов «Жастар кадрлық резерві 2017» жобасына қатысушыларымен кездесті

Абзал Нукенов «Жастар кадрлық резерві 2017» жобасына қатысушыларымен кездесті

2017 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкенов «Жастар кадрлық резерві 2017» жобасына қатысушыларымен кездесу өткізді.

«Жастар кадрлык резерві» – бұл мансаптық өсуге негізделген, кәсіби біліктіліктері мен басқару құзыреттері жоғары деңгейде дамыған мамандардың республикалық дерекқоры.

2017 жылы жобаны Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысы бойынша «Болашақ» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп жүзеге асыруда.

Жобаға ереженің талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алды. Қатысушылар тіркеуден, іріктеуден, әңгімелесуден, білім беру кезеңінен жəне тағылымдамадан өтуі қажет.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде, мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өту үшін байқау комиссиясы  48 адамды іріктеп алды.

Қазіргі таңда қатысушылар 3 күн жалғасқан білім беру кезеңінен өтті, онда қатысушылар жетекші саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің, бизнес саласы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен семинар-тренингтерде, дәрістер мен пікірталастарда білім алды.

Кездесу барысында жобаға қатысушылар Жастар кадрлық резерві түлектері осы жобаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне алғыстарын білдірді.

Одан басқа, жобаға қатысушылардың санын және білім беру кезеңінің күнін ұлғайту бойынша конструктивтік ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, болашақта білім беру кезеңін өткізу кезінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-пікірді қалыптастыру бойынша семинарлар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

 

https://diakom.gov.kz/kk/news/abzal-nukenov-zhastar-kadrlyk-rezervi-2017-zhobasyna-katysushylarymen-kezdesti 



Қаралым: 44
Резервистер
Бектасов Даурен Бакытович
Пікірлер

Альбина Власова

Тренер программ личностного роста, командообразования, консультант по выстраиванию взаимоотношений