"Жастар кадрлық резерві" жобасының оқыту модулі өтті

 2017 жылдың қазан айы "Жастар кадрлық резерві -2017" қатысушылары үшін қарбаласқа толы болды. Қатысушылар оқыту модулінен өтті. 

15 қазан күні жоба қатысушылары Астана қаласына келді. Жоба ұйымдастырушыларының арнайы ұйымдастырған кездесуінде қатысушылар өзге аймақтардан келген конкурсанттармен танысып,  таратылымдарға ие болды. Кездесу барысында бағдарламамен танысқан қатысушылар ұйымдастырушылармен пікір алмасып, мәселелік сұрақтарды талқылады. 

Әрмен қарай "Алтын Дала" қонақүйінде, "Forte Bank" және "Нұр Отан" партиясы жанындағы саяси менеджмент мектебінің базасында оқыту модулінен өтті. Сонымен қатар өз жобаларын қорғаған жастар, арнайы тестілеуден өтті. "Қазақстандық масс-медианың қалыптасуы", "Қазақстандағы саяси реформа" және өзге де тақырыптар қатысушылар арасында кең талқылауға түсті. 



Қаралым: 96
Резервистер
Шеминг Виталий Валерьевич
Пікірлер

Пепенин Анатолий Сергеевич

Депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан