Астанада "Жастар кадрлық резерві 2017" жобасына қатысушыларды салтанатты марапаттау өтті

 18 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының қорында «Жастар кадрлік резерві 2017» бағдарламасының қатысушыларын марапаттау салтанаты өтті.

Жоба Қазақстан Республикасының Дін істері мен азаматтық қоғам Министрлігінің қолдауымен «Болашақ» Қоғамдастығы мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен жүзеге асырылады.

Құттықтау сөзімен ҚР-ның Дін істері мен азаматтық қоғам Министрлігінің жастар саясаты департаменті басқармасының басшысы Алмагүл Кутанова, «Казконтент» АҚ Басқармасының Төрағасы, бұрынғы жылдардың резервисті Евгений Кочетов, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасының орынбасары Дәулет Кәрібек сөз  сөйледі.

«Біз бәсекеге қабілетті болуына көмектесу үшін жас таланттарды іздестірудеміз. Қатысушыларға тағылымдамадан сәтті өтіп, өздерінің басқару құзіреттерін арттыруға және жаңа орынға орналасуларына тілектеспіз», - деді Алмагүл Кутанова.

Жобаға қатысу үшін 48 адам іріктеліп алынып, олар Астанада білім беру модулінен өтті, сонымен қатар ҚР-ның Білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Арын Орсариев, ҚР мен РҚ-ғы Израильдің төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский, «Friends Media Group» брендинг агенттігінің директоры, тележүргізуші Махаббат Есен, журналист, атақты блогер Өркен Кенжебек секілді әйгілі қоғамдық қайраткерлермен кездесті.

19 қазаннан бастап қатысушылар ҚР-ның Парламенті Мәжілісінде, орталық мемлекеттік органдарда, ұлттық компаниялар мен жеке құрылымдарда 2 апталық тағылымдамадан өтуді бастайды.



Қаралым: 71
Резервистер
Шәкіртқызы Айгүл
Пікірлер

Прашкевич Жанна Валерьевна

Популярный казахстанский блогер, создатель информационного агентства News Room