Астана қаласында "Жастар кадрлық резерві" жобасының сұхбаттасу кезеңі қорытындыланды

 

Астана қаласында «Жастар кадрлық резерві» жобасының сұхбаттасу кезеңі қорытындыланды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Жастар кадрлық резерві» жобасының байқау комиссиясының мәжілісі өтті.

Үміткерлерді арнайы құрылған комиссия іріктеді, комиссия мүшелері: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «Astana Invest инвестицияларды дамытудың қалалық орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары, «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі Тілектес Адамбеков, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасының орынбасары Дәулет Кәрібек, Астана қаласының Жастар саясаты департаментінің бастығы Асхат Оралов, журналист-публицист, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, «Болашақ» Қауымдастығының мүшесі Қанат Әуесбай, шолушы, «Atameken business channel» журналисі, «Жастар кадрлық резерві» жобасының резервисті Ерболат Мұхамеджан, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сарапшысы Саят Тұржанов.


Комиссия мүшесі Қанат Әуесбайдың айтуынша: «Бұл жоба – жастардың өзін-өзі көрсетуі үшін үлкен мүмкіндік. Қызметкерлер резервінің арқасында жас азаматтар мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда және басқа ұйымдарда жұмыс істей алады».

Отырыстың қорытындысы бойынша байқау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда іс-тәжірибеден өтетін 3 адамды іріктеді.

Олар:

1. Ажар Шаухарова.

2. Асель Хасанова.

3. Арсен Жакупов.

Еске сала кетсек, 1-10 қазан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде сайыскерлер байқау комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасудан өтті.

Сұхбаттасудың нәтижелері бойынша 48 жастар, әрбір өңірден 3 адамнан іріктелінді. 32 адам ҚР Парламенті Мәжілісінде, 16 адам мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді. Іріктеден өткен сайыскерлердің жалпы тізімі 11 қазанда  www.rezerv.kz  жобаның сайтында және www.bolashak.kz сайтында жарияланады.


Анықтама:

Жоба Қазақстан Республикасының Дін істері мен азаматтық қоғам Министрлігінің тапсырысымен «Болашақ» Қауымдастығымен және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен жүзеге асырылады.

Жобаға 18 бен 29 жас арасындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатысты.

Жобаның мақсаты: жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа тобын қалыптастыру.



Қаралым: 60
Резервистер
Кутанова Алмагуль Кайырлыевна
Пікірлер

Махметов Айдар Алимжанович

Директор Департамента по связям с общественностью АО «Самрук-Қазына», Член Попечительского совета профессионального спортивного клуба «Астана»