«Жастар кадрлық резерві» жобасына әрі қарай қатысушы конкурстар тізімі жинақталды

 2016 жылдың 1 және 30 қыркүйегі аралығында еліміздің барлық аймақтарында «Жастар кадрлық резерві»  жобасының екінші кезеңі «Сұхбаттасу» өткізілді.

Сұхбаттасуға 500 аса адам қатысты. Конкурстық комиссия құрамы ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» Партиясы, «Жас Отан» Жастар қанаты, аймақтардағы жастар саясаты мен ішкі саясат өкілдерінен жасақталды. Сонымен қатар, комиссия жұмысында БАҚ өкілдері, «Жастар кадрлық резерві» жобасының өткен жылғы түлектері, қоғамдық және саяси тұлғалар белсенділік танытты.

Жоба қатысушылары кәсібилік және жеке біліктіліктері (жобаға деген қызығушылығы, өзін-өзі таныстыруы, өз саласында жеткен жетістіктері, жобаның мақсатты аудиториясына сәйкестілігі, тіл білімі және басқалар) бойынша бағаланды.

Аймақтарда өткізілген сұхбаттасу бойынша конкурстық комиссия шешімін ескере отырып, жобаның ережесіне сәйкес жобаның ұйымдастыру комитетімен үшінші кезеңге (оқыту модулі) 16 конкурсант жіберілді. Жобаның III оқыту кезеңі Астана қаласында өткізіледі. 16 үздік конкурс қатысушылары оқыту, тестілеуден өтіп, жеке жобасын таныстыратын болады. Қатысушылар үшін жеке тұлғалық даму мен командалық оқыту бағдарламалары бойынша тренингтер ұйымдастырылатын болады.

  «Жастар кадрлық резерві» жобасының III этапына қатысуға шақырылған конкурсанттар тізімі

№ р/н

Аймақ

А.Т.Ж.

1.      

Ақмола облысы

Ементаев Расул Аканович

2.      

Ақтөбе облысы

Алдабергенова Айдана Женисовна

3.      

Алматы облысы

Асқарұлы Мұхит Асқар

4.      

Атырау облысы

Құрманберлиева Айгерім Иванқызы

5.      

Шығыс-Қазақстан облысы

Утельбаев Бауыржан Толегенович

6.      

Жамбыл облысы

Сәрсенбек Ақнұр Ғазизқызы

7.      

Батыс-Қазақстан облысы

Баймухамбетов Алихан Халиуллович

8.      

Қарағанды облысы

Нурмухамедова Алена Владимировна

9.      

Қостанай облысы

Мухамедрахимов Есильбай Барлыбаевич

10.                        

Қызылорда облысы

Қожамұратов Айдос Болатұлы

11.                        

Маңғыстау облысы

Туякбаев Ерлан Максатулы

12.                        

Павлодар  облысы

Манабаева Айгерим Бауржанова

13.                        

Солтүстік-Қазақстан облысы

Шеминг Виталий Валерьевич

14.                        

Оңтүстік-Қазақстан облысы

Абдувалиев Алишер Абдувахитович

15.                        

Астана қ.

Кубеев Куаныш Галимжанович

16.                        

Алматы қ.

Михайлова Светлана Леонидовна



Қаралым: 2042
Резервистер
Бектасов Даурен Бакытович
Пікірлер

Прашкевич Жанна Валерьевна

Популярный казахстанский блогер, создатель информационного агентства News Room