«Жастар кадрлық резерві – 2016» жобасы бастау алды

 Бүгін еліміздің барлық аймақтарында, Білім және Ғылым министрлігімен бірлесе отырып жүзеге асырылатын,  «Жастар кадрлық резерві» жобасы бастау алды. «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен бастау алған жоба, еліміздің алдында тұрған өршіл міндеттерді шешуге белсенді жастарды тартуға бағытталған.

Жобаның стратегиялық мақсаты мемлекеттік қызметке, партиялық құрылысқа, еліміздің экономикасының жетекші сфераларына кадрлық резервтерді табу, құру және тиімді қолдану.

Жобаға 18-29 жас аралағындағы студенттер мен жастар ұйымдарының басшылары қатыса алады. Жобаның өткізілу кезеңдері, әдеттегідей конкурстық іріктеу, сұхбаттасу, оқыту модулі және тағылымдамадан өту сынды кезекті іріктеу сындарынан тұратын болады. Әр аймақтан іріктелген 16 үміткер үшін, биылғы жобаның берері мол болмақ.

7 жыл ішінде жобаға 13 000-нан астам жас қатысты. Жобаны жүзеге асыру кезінде, 404 үміткер ашық іріктеу мен тестілеуден, оқу модулі мен кәсіби біліктілік бағалауынан, сонымен қатар  мемлекеттік органдар мен Ұлттық компаниялардан тағылымдамадан өтті. 

Жоба жөнінде толығырақ ақпаратты,  қатысушыға арналған анкетаны толтыру мен тәжірибелік кеңестерді «Жас Отан» жастар қанатының аймақтық филиалынан, сондай-ақ жобаның ресми сайтынан ала аласыздар.  

 Анықтама телефоны  +7 (7172) 707 649



Қаралым: 1316
Резервистер
Адгезалова Тамила Фамиловна
Пікірлер

Михаил Дорофеев

журналист, специалист по коммуникациям