«Жастар кадрлық резерві - 2016»

 «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Білім және Ғылым министрлігімен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын  «Жастар кадрлық резерві» жобасының басталатынын хабарлайды.  Жоба талаптарына сәйкес келетін, жобаға қатысуға ниет білдірген жас үміткер тамыз айының 31 жұлдызына дейін жобаның ресми сайтында (www.rezerv.kz) өз өтінімін бере алады.

Біліктіліктік пен білімділікті сынға салған жобаның негізгі мақсаты – өз қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару шеберлігінің жоғары деңгейіне ие мамандардан тұратын Республикалық деректер базасын құру. Жоба барысы, қатысушылардың өз мүмкіндіктері мен дағдыларын кәсіби түрде шыңдауға, қосымша білім мен біліктілікке сусындап қана қоймай өз ортасын жаңа достармен толықтыруға мүмкіндік беретін кезеңді бағдарламаларды қамтиды.

Өз бастауын 2009 жылдан бастаған ауқымды жобаға жеті жыл көлемінде қатысуға өтінім бергендер саны 13 000 адамға жуықтап отыр. Соның ішінде байқаулық іріктеу, тестілеу, оқыту модулі, кәсіби біліктілікті бағалау және мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтуге жолдама алу, қатысуға ниет білдіргендердің жалпы санының 5%-ін құрады. Аталған жоба, бүгінде ойлау көкжиегі кеңге тараған, жан-жақты әрі салмақты ой түюге қабілетті жастар үшін басқару кадрларын даярлайтын  «Әлеуметтік лифт» механизміне айнала білді.

Биылғы жылғы жобаның мақсатты тобы – 29 жасқа дейінгі студенттер мен жастар ұйымдарының басшыларынан құралмақ. Жобаның өткізілу кезеңдері, әдеттегідей конкурстық іріктеу, сұхбаттасу, оқыту модулі және тағылымдамадан өту сынды кезекті іріктеу сындарынан тұратын болады. Әр аймақтан іріктелген 16 үміткер үшін, биылғы жобаның берері мол болмақ. Олай деуге бір себеп, алдағы жылы еліміздің алдында үлкен іс, екі ірі халықаралық жоба «Қысқы универсиада - 2017»және «Экспо - 2017 Халықаралық көрмесін»  жүзеге асыру міндеті белгіленді. Жүзден аса әлем елдерінен келетін қонақтар  үшін, жоғары деңгейдегі қызмет сапасын ұсыну, еліміздің жан-жақты даму деңгейінің көрсеткіші болары анық. Бұл тұста, негізгі басымдық іс-шараны басқару, ұйымдастыру сынды істеріне жұмылдыратын мамандарды даярлауға қойылып отыр. Сол себепті, биылғы жастар кадрлық резервінің тағылымдамадан өту мекемесі «Астана Экспо - 2017» Ұлттық компаниясы мен «Универсиада - 2017 Алматы» атқару дирекциясына бағытталатын болады. Нәтижесінде, жоба өз үміткерлері үшін  тағылымдамадан өту мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар аталған іс-шараларды ұйымдастыру, өткізілу барысына қатысу жолына үлкен  мүмкіндік туғызып отыр.

Өз тәжірибесінде, еліміздің барлық аймақтарынан қатысуға ниет білдірген талай жүйрікті сынға салу,  таңдаулыларды іріктеу мен басқаруға қабілетті жастарды даярлауды алдына міндет қойған  жастар кадрлық резерві алдағы тұста да аталған бағыттағы  жұмысын жалғастыратын болады. ​



Қаралым: 1734
Резервистер
Мамырова Зарина Ерланқызы
Пікірлер

Меруерт Жунусбек

Руководитель центра ораторского мастерства «НИКА», ведущий тренер