Ереже

«Жастар кадрлық резерві» жобасының
ЕРЕЖЕСІ

I.Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының «Жастар кадрлық резерві» жобасын өткізу тәртібін анықтайды.

2. « Жастар кадрлық резерві» – бұл қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктілігінің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық деректер базасы.

3. Жобаның мақсаты – заманауи және тиімді басқарушылардың шоғырын қалыптастыру.

4. Жоба жасы 29-ға дейінгі студенттер қатарынан ұйымдастырушылық дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар белсенді жастарға және жастар ұйымдарының көшбасшыларына арналған.

5. Жоба міндеттері:

- Белсенді жас азаматтарды анықтау, іріктеу, дайындау, оқыту, тағылымдамадан өткізу және тәжірибе алмасу;

- Жас қазақстандықтардың кәсіби өсуі жолында өзін-өзі жетілдіруге және білімін шыңдауға арналған қажетті жағдай жасау;

- Кадрлық резерв даярлаудың алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына негізделген тиімді жүйесін құру.

6. Жобаны «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.

7. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

- Жобаға қатысушы – жобаның арнайы сайтының (www.rezerv.kz) тиісті бөліміндегі сауалнаманы осы Ережемен бекітілген тәртіпке сәйкес толтырған жеке тұлға;

- «Ресми іріктеу» - жобаға қатысушылар ресми талаптар (білімі, жасы, т.б.) бойынша бағаланатын бастапқы іріктеу кезеңі;

- Жастар кадрлық резервіне үміткер – ресми іріктеуден өтіп, байқаудың келесі кезеңі – сұхбаттасуға жіберілген жоба қатысушысы; Ресми сұхбаттасудың нәтижесі бойынша, сайт модераторы толтырылған анкетаны сайтқа жариялауға келіседі;

- Жастар кадрлық резервінің үміткері –ресми іріктеуден (жоба сайтында анкетаны сенімді толтырған) өтіп, сұхбаттасуға жіберілген жоба қатысушысы;

- Сұхбаттасу – барлық өңірлерде жүргізілетін, жастар кадрлық резервіне үміткерлер қабілеттері бойынша байқау негізінде жеке сұхбаттасуға шақырылатын кезең;

- Конкурстық комиссия - жастар кадрлық резервіне үміткерлерді байқау негізінде кешенді іріктеуден өткізетін консультативті-кеңесші орган. Комиссия «Нұр Отан» партиясы және «Жас Отан» ЖҚ өкілдері, қоғамдық-саяси қайраткерлер, бизнес саласы өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ өкілдері қатарынан қалыптасады;

- Жоба жетекшісі – жобаны жүзеге асырудың жалпы басшылығын, орталық деңгейде (жоба серіктестері мен қатысушылары арасында) мекемеаралық қадағалау, жоспарлау, мониторинг және жобаны жүзеге асыруға бақылау жүргізетін өкіл;

- Қатысушының жеке веб-портфолиосы – жобаның ресми сайтындағы жеке мәліметтер көрсететілетін қатысушы жайлы анықтама;

- Резервист – жобаның барлық кезеңдерінен өткен және жоба аяқталған соң «Жастар кадрлық резервінің» деректер базасына енгізілетін жоба қатысушы.

8 . Жобаны өткізуді қадағалау жоба жетекшісіне жүктеледі.

9. Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылады.

10. Ережеге енгізілген уақыттан бастап өз күшіне енетін және кері күшке ие болмайтын толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.


II. Жобаны өткізу кезеңдері

1. Іріктеу кезеңі.

2. Жобаның ресми сайтында (www.rezerv.kz) қатысушылардың ашық тіркелуін қамтамасыз ету 2016 жылдың 15 тамызынан бастап 31 тамызына дейін жобаның тиісті бөліміндегі сауалнаманы толтыру арқылы жүзеге асырылады. Жоба талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тіркелген сауалнамалар қарастыруға жатпайды.

3. «Ресми іріктеу» - сауалнама келесідей критерийлер бойынша бағаланады:

- Бiлiмі туралы дипломы (ұйымдардың басшылары үшін) немесе оқу орнында оқитындығы және оқу үлгерімі туралы анықтама (студенттер үшін);

- Жүлделер, сертификаттар және алғысхаттар;

- Тілдерді меңгеруі;

- Ұсыныс хаттар (бірінші басшылардан);

- Қоғамдық қызметтер (сертификаттар).

4. Конкурстық комиссиямен сұхбаттасулар республикамыздың 16 өңірінде бекітілген кестеге сәйкес 1 қыркүйек пен 31 қыркүйек аралығында келесі ұсынылатын комиссия мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатын болады:

Комиссия төрағасы

- «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының өкілі.

Комиссия мүшелері

- «Нұр Отан» партиясының облыстық, қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары;

- Аймақтық жастар саясаты мәселелері бойынша және ішкі саясат басқармаларының басшылары;

- «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалының төрағасы (немесе өкілетті өкілі);

- БАҚ өкілі;

- Қоғам қайраткері;

- Бизнес саласының өкілі;

- Өткен жылдардағы жоба қатысушылары.

Конкурсанттың келесі кезеңге өтуі туралы шешуші дауыс құқығы комиссия төрағасына тиесілі.

5. Жобаның ресми сайтындағы қатысушының жеке және кәсіби жетістіктерін көрсететін әр қатысушының анықтамасы - веб-портфолиосы жасалады.

6. Конкурстық комиссиямен сұхбаттасу қорытындысына орай, еліміздің әр аймағынан 1 адамнан, жалпы 16 адам іріктелініп алынады.

7. Білім беру кезеңіне 16 адам жіберіледі.

8.3 күнге созылатын білім беру модулі Астана қаласында өткізіледі және төмендегілерді қамтиды:

- тестілеу;

- сұхбаттасу, жеке жобаларды қорғау және таныстыру;

- дәрістер, шеберлік сыныптарының блогы;

- өзін-өзі дамыту тренингтері;

- дәрiс-әңгімелесулер, белгілі саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен пікірталастар.

9. 16 резервист қосымша кәсіби білім алу бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында білім алады. Жобаның білім беру кезеңінен сәтті өткен жоба қатысушылары жобаның келесі кезеңіне – мемлекеттік құрылымдардан және ұлттық компаниялардан тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

10. Резервистердің тағылымдамадан өтуі – резервистердің мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда апталық көлемінде іс-тәжірибеден өту кезеңі.

III. Жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

1. Жастар кадрлық резервіне үміткерлер мен қатысушылардың құқығы:

- Жобаның өткізілу талаптары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

- Осы Ереже бойынша түсінік алу үшін аймақтық өкілдерге жүгінуге (сайттың тиісті бөлімінде байланыстар тізімі көрсетілген).

2. Жоба қатысушылары мен үміткерлері міндетті:

- Байқаудың мазмұнымен, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптармен танысуға;

- Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен рәсімдерді сақтауға.

3. Жобаға қатысушылар жоба жетекшілеріне, осы Ережеде көрсетілген ережелерге, рәсімдерге, шарттарға бағынбаған жағдайда жобаға қатысудан шеттетіледі.

 

 

 

 

 

IV. Ақпараттық қамтамасыз ету

1. Жобаның басты ақпараттық ресурсы - www.rezerv.kz ресми сайты болып табылады.

2. Жобаны ақпараттық қолдауды арнайы шақырылған медиа-ресурстар қамтамасыз етеді.

3. Байқауды қосымша ақпараттық қолдау жоба серіктестерінің ақпараттық ресурстары арқылы қамтамасыз етіледі.


Резервистер
Орманбеков Жандос Жаксылықұлы
Пікірлер

Лейла Асылбекова

Заведующий Центром изучения компетенций госслужащих (Академия госуправления при Президенте РК)