Жастар кадрлық резерві

2008 жылы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ І Съезінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев жастар қатарынан «мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес саласы және қоғамдық-саяси қызмет үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру керектігін атап өткен болатын.

Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ «Жастар кадрлық резерві» жобасына жүзеге атқарылып келеді.

Жоба мақсаттары:

  • басқарушы кадрларды анықтау, іріктеу, даярлау және оқыту;
  • жас қазақстандықтардың кәсіби өсуі үшін жаңа білім көздерін игеру және өзін-өзі кемелдендіру арқылы қажетті жағдайлар жасау;
  • алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына негізделген кадрлық резервті даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.

Жоба жұмыс тәжірибесі бар, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл қабілеті және айқын көрінетін көшбасшылық қасиеттеріне ие жастарға арналған.

7 жыл ішінде «Жастар кадрлық резерві» жобасына қастысуға 13 000-нан аса жас адам өтініш білдірді. 

Жоба жүзеге асырылғаннан бастап 404 адам ашық іріктеу, тестілеу, оқу модульдері, кәсіби біліктіліктеріне баға беру мен әртүрлі ұйымдарда тағылымдамалардан өтті.

Байқау іріктеуінен өткен қатысушыларға мемлекеттік органдар, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ-тың жетекші өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өткеннен кейін резервисттердің 40 %-ы жұмыс орындарын өзгертті. Жартысынан көбі аудандық деңгейден облыс, қалалық/облыстық деңгейден республикалық деңгейге өтті.

Қатысушылардың 90%-нан астам жобаның тұлғаны дамытуға арналған тренингтік бағдарламасы олардың тұлғалық қалыптасуы мен кәсіби дамуына ықпал еткенін атап өтті.

 

2016 жылғы жоба да жүзеге басқару кадрларын анықтау, іріктеу, даярлау және 16 қатысушының «Жастар кадрлық резервіне» енуі жоспарланып отыр. 


Резервистер
Макиев Аян Муратович
Пікірлер

Прашкевич Жанна Валерьевна

Популярный казахстанский блогер, создатель информационного агентства News Room